Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 108-1 бабына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 423-1 бабына сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Осы талаптарды бұзу – әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.
Энергетикалық сусындар жас ағзаға зиян келтіреді:
• жүрекке артық салмақ түсіреді
• жүйке жүйесіне кері әсер етеді
• ұйқының бұзылуына әкеледі
ҚАДІРЛІ КӘСІПКЕРЛЕР!
Заң талаптарын қатаң сақтап, жасөспірімдердің денсаулығына бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.
ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР МЕН ЖАСТАР!
Өз денсаулықтарыңыз – өз қолдарыңызда. Уақытша сергектік үшін болашақ денсаулықты тәуекелге тікпеңіздер.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1197733?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау