2026 жылдан бастап бюджеттік сыныптама кодтарының өзгеруі туралы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты мынаны хабарлайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер 2026 жылға дейін салық міндеттемелері бойынша бірыңғай жер салығын төледі.
2026 жылдан бастап БЖС жойылуына байланысты салық жеке табыс салығы ретінде төленетін болады.
Осыған байланысты ШФҚ АСР қолданатын салық төлеушілер мыналарды төлеуі керек:
– БЖС – 104501 БСК, 2026 жылға дейінгі салық міндеттемелері бойынша (2026 жылға дейінгі салық кезеңдері үшін 920.00 СЕН бойынша);
– ЖТС – 101202 БСК, 2026 жылдан бастап салық міндеттемелері бойынша (2026 жылдан бастап салық кезеңдері үшін 920.00 СЕН бойынша).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1197906?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау