Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Сұлтанова Айнұр Оралқызы мен Омарғазин Самат Құдайбергенұлы, сондай-ақ сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығын дамыту жолдары, әсіресе мал және өсімдік шаруашылығына қатысты мүмкіндіктер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды күтіп ұстау мәселесі де назардан тыс қалмады.
Сонымен бірге, «Қаладан ауылға» жобасы таныстырылып, оның негізгі мақсаттары мен ауылға беретін мүмкіндіктері түсіндірілді. Ауыл аймағын тазалыққа жұмылдыру және қоршаған ортаны қорғау маңызын көрсету үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғындарына акцияға қатысу жолдары мен экологиялық мәдениетті арттыру шаралары туралы да кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу қорытындысында тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелері тыңдалып, олардың шешілу жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді. Жиын ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен, өзекті мәселелерді ашық талқылау форматында өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1197905?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау