Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылық мәселелері қаралды кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Қадағалау органының басты назарында – инвесторлардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау қағидатын іске асыру және өңірдің экономикалық дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарға жол бермеу мәселелері тұр.
Алқа мәжілісінің форматы қарастырылған мәселелердің ауқымдылығын айқындай түсті.
Талқылауға келесі тараптар қатысты:
– жергілікті атқарушы органның басшылығы;
– бақылау-қадағалау және уәкілетті ведомстволардың басшылары;
– құқық қорғау блогы мен ұлттық компаниялардың өкілдері;
– жүйелі мәселелерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алған 50-ден астам бизнес субъектісі.
Прокурорлар мемлекеттік құрылымдардың қызметіндегі бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және бизнес сұраныстарына жедел әрекет ету шараларының тиімділігіне басымдық берілді.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1198717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау