Жұмыс берушілерге хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілердің назарына Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 103-бабына сәйкес жұмыс берушілер бос жұмыс орындары (вакансиялар) туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға міндетті екенін жеткізеді.

Жұмыс беруші бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді Enbek.kz порталында, олар пайда болған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде, еңбек жағдайлары мен еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, орналастыруға міндетті.

Мәліметтерді жолдау Enbek.kz порталы арқылы, электрондық форматта, мансап орталығына жүзеге асырылады.

Мансап орталығы, өз кезегінде, жұмыс берушілер белгілеген талаптарды ескере отырып, бос жұмыс орындарына жаңа қызметкерлерді іріктеуге жәрдем көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 103-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерді босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын келесі жағдайларда мансап орталығын хабардар етуге міндетті: заңды тұлғаның таратылуы немесе жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуы, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуы, сондай-ақ өндіріс көлемінің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаюы салдарынан жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауы.

Қызметкерлерді алдағы босату туралы ақпарат мансап орталығына жазбаша түрде немесе Enbek.kz порталындағы жеке кабинет арқылы электрондық түрде ұсынылуы мүмкін. Бұл ретте ұсынылатын мәліметтер босатылатын қызметкерлердің саны мен санаттарын, лауазымдарын, кәсіптерін, мамандықтарын және біліктілігін, еңбекақы мөлшерін, сондай-ақ қызметкерлер босатылатын мерзімдерді қамтуы тиіс.

Аталған міндеттердің орындалмауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1198716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version