Фармацевтикалық форум – 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында
«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының қазіргі жағдайы: даму векторы» атты фармацевтикалық форум өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және фармацевтикалық нарықтың негізгі қатысушылары қатысты.

Форум аясында саланы дамытудың басым бағыттары қарастырылды:

1) мемлекеттік дәрілік саясатты жетілдіру;
2) дәрілік заттардың айналымы мен реттелу процестерін цифрландыру;
3) медициналық өнімдердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) отандық өндірісті дамыту;
5) халықаралық стандарттармен үйлестіру;
6) баға қалыптастыру және салықтық реттеу мәселелері.

Ерекше назар мемлекеттік органдар мен салалық қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті реттеудің заманауи тәсілдерін енгізуге аударылды.

Форум қорытындысы бойынша фармацевтикалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықты дәрілік заттармен қамтуды арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындық расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1198009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version