ШҚО бойынша ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Риддер қалалық бөлімшесі 2026 жылғы 1–10 мамыр аралығында Риддер қаласы аумағында кене энцефалитіне қарсы профилактикалық дезинсекциялық өңдеу және туляремияға қарсы дератизациялық өңдеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Профилактикалық дезинсекциялық өңдеумен келесі аумақтар қамтылады:
Гавань ауданы, Журавлиха, Талов зираты, Таловка, Сосновый бор, Синегорье, Поперечное ауылы, Ботаника, Громатуха шатқалы, Екінші аудан, Шаравка, Кедровка, Белый Луг–10, Ульбастрой, Матренина Соколок тауы, Громатуха демалыс базасы, Бутаково ауылы, Козлушки зираты.
Өңдеу жүргізілген аумақтарда келесі жазулары бар ескерту тақтайшалары орнатылады:
«Назар аударыңыз! Аумақта кенеге қарсы өңдеу жүргізілді!»
«Назар аударыңыз! Аумақта кеміргіштерге қарсы өңдеу жүргізілді!»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1198008?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау