Таразда полиция тәлімгерлері оқушылармен кездесу өткізді
Жамбыл облысы Полиция департаменті Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Тараз қаласындағы №66 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тәлімгерлер жас буынға қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениеті туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен кездесу жасөспірімдердің құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, олардың азаматтық ұстанымының қалыптасуына оң ықпал етті.
Аталмыш тәлімгерлік сабақтар облыстың барлық білім беру мекемелерінде өткізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1198007?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау