Көктемгі дала жұмыстары: ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы техникалары толық дайындыққа келтірілді.
Жалпы алғанда, науқан барысында 780 дана техника жұмылдырылмақ. Оның ішінде 450 трактор, сондай-ақ 330 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары бар. Бұл техника паркі егіс жұмыстарын белгіленген агротехникалық мерзімдерде орындауға мүмкіндік береді.
 
Техникаларды жаңарту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылмен салыстырғанда 2026 жылы техника жаңарту көрсеткіші 6,5%-ды құрады.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын қамтамасыз етуде жанар-жағармаймен қамту мәселесі де басты назарда. Жеңілдетілген дизель отынын жеткізу сәуір және қыркүйек айларында жүзеге асырылады.
 
Жеңілдетілген дизель отынының түпкілікті бағасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хаттамалық шешімдері негізінде айқындалады. Бұл қолдау шарасы шаруалар үшін маңызды мемлекеттік қолдау тетігі болып табылады.
Аталған мүмкіндік ауыл шаруашылығы жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындауға, өндірістік шығындарды азайтуға және шаруашылықтардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
 
2026 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруа қожалықтарынан түскен өтінімдерге сәйкес жеңілдетілген дизель отынына қажеттілік анықталып, қазіргі таңда жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1198066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version