Оразбек Асылқұлов Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары басталды.

Қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов -60 кг дейінгі салмақтың алтыны үшін Сачин Сачинмен (Үндістан) шеберлік байқасты. Тартысты өткен айқаста Оразбек мықты екенін паш етті. Есеп: 3-2.

Бұл Асылқұловтың карьерасындағы ересектер санатында Азия чемпионатының 2-жүлдесі. Ол 2024 жылы күміс жүлдеге ие болған.

Биылғы сары құрлық чемпионаты барысында Оразбек Поль Жулифер Басконды (Филиппин), ширек финалда Шунсуке Китамото (Жапония, жекпе-жекте шықпады), Абдурахмон Махмуджоновты (Өзбекстан) ұтты.

Алда әлі Ұлттық құраманың 4 өкілі шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Кеше әйелдер арасындағы финалдар өткен. Оның нәтижесінде Надежда Рябец (-80 кг) пен Дина Исламбекова (+80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) өз салмағында 3-орын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1198189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version