Биыл аудан бойынша тұрғындар мен шаруа қожалықтары жалпы 235 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 75 гектарға картоп, 100 гектарға көкөніс, ал 60 гектарға бақша дақылдары орналастырылады.
Қазіргі уақытта жер жырту және басқа да көктемгі агротехникалық жұмыстар уақытылы атқарылып жатыр. Шаруашылықтар өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, өнімділігі жоғары әрі құрғақшылыққа төзімді тұқымдармен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды сатып алу жұмыстары жалғасуда. Суару кезеңі басталғанда тыңайтқыштарды тиімді енгізу жоспарланып отыр.
Аудандағы егістік алқаптардың басым бөлігі тамшылатып суару технологиясын қолданады. Бұл әдіс суды үнемдеуге, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марғұлан Досжановтың сөзінше,
тұрғындарға Шалқар көлі жағалауынан маусымдық бау-бақша өсіруге арналған жер телімдері берілуде.
Мамандардың айтуынша, уақытылы әрі сапалы жүргізілген көктемгі дала жұмыстары – мол өнім алудың басты кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1198191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау