Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті алтын жүлдемен толықты.

Ұлттық құрама өкілі Сабыржан Аққалықов -75 кг салмақтың финалында Жавохир Абдурахимовпен (Өзбекстан) күш сынасып, айқын басымдықпен айласын асырды. Есеп: 5-0.

Енді Ұлттық құраманың 2 өкілі шаршы алаңға шығады. Бүгін -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (-70 кг) күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1198200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version