📍 Бүгін біз Саран қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында болдық, ол біздің қаламызда екінші жыл табысты жұмыс істеп келеді.
Осы уақыт ішінде ол егде жастағы адамдарды қоғамдық өмірге белсенді тарту және қолдау үшін маңызды алаңға айналды. Бүгінде орталыққа 90-нан астам қатысушы келеді.
Мұнда аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады: компьютерлік курстар, шығармашылық және дамытушылық сабақтар, сауықтыру гимнастикасы өткізіледі, мәдени-демалыс іс-шаралары мен көшпелі сапарлар ұйымдастырылады.
Орталықтың қызметі әлеуметтік белсенділікті нығайтуға, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге және оның қатысушыларының жаңа дағдыларды игеруіне ықпал етеді.
Саран қ., Жеңіс к-сі 34 (2 қабат, оң қанат)
+7 775 680 9925
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1198234?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау