Жамбыл облысында «ТМД-да адам құқықтары және денсаулық апталығы» акциясы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында «ТМД-да адам құқықтары және денсаулық апталығы» акциясы өтуде

ТМД адам құқықтары жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 6-10 сәуірі аралығында ҚР «ТМД-да денсаулық және адам құқықтары апталығы» атты мемлекетаралық акция өткізіліп жатыр.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына – «Салауатты өмір салты мен әл-ауқат» және «Татуласу, әділдік және тиімді институттар» тақырыптарына арналып ұйымдастырылған.

Акция аясында Тараз қаласындағы №5 қалалық емханасында Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қатысуымен азаматтарға құқықтық қабылдау ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – халықтың денсаулығын нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, құқықтық сауаттылықты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Қабылдауға Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еркін Қуанышев, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық превентивті механизмнің басшысы Дмитрий Халидов, сондай-ақ заңгер-консультанттар мен нотариустар қатысты.

Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық, медициналық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңестер берілді. Сарапшылар медициналық көмек алу тәртібі, пациенттердің медициналық ұйымдарға жүгінудегі құқықтары, емдеу сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ жеке деректердің құпиялығын сақтау мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері, уәкілетті органдарға өтініш беру тәртібі және медициналық әрі құқықтық көмекке уақытында жүгінудің маңыздылығы жайлы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1198014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version