«Біз еріктіміз»: Науырзым ауданында тазалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Науырзым ауданында «Біз еріктіміз» атты акция ұйымдастырылып, жастар игі іске өз үлестерін қосты. Іс-шара аясында ауданның белсенді еріктілері бас қосып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында еріктілер ескерткіш маңын қоқыстан тазалап, айналасын ретке келтірді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихи мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, елімізде еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Түрлі әлеуметтік және экологиялық бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғам игілігі жолындағы нақты істерге жұмылдыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Біз еріктіміз» акциясы – бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын тауып, аудан жастары қоғам өміріне белсенді араласа бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1198917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version