ТЖМ құтқарушылары Ертіс өзенінде қауіпсіздікті күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  ТЖМ құтқару бөлімшелері Павлодар облысындағы Ертіс өзені мен су айдындарында заманауи техниканы қолдана отырып патрульдеуді жалғастыруда.

  Жұмыста аэроқайық пайдаланылады, оның ауа жастықшасы бар, ол кез келген маусымдық жағдайда тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

  Аэроқайық су бетімен де, мұз үстімен де жылдам жүре алады, бұл әсіресе маусымаралық кезеңде және сең жүру кезінде аса маңызды. Кеменің жоғары өтімділігі, тұрақтылығы мен маневрлігі жетуі қиын жерлерде және тайыз суларда да жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

  Осы техниканы пайдалану құтқарушыларға профилактикалық рейдтер жүргізуге, сондай-ақ іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жоғары деңгейде орындауға жағдай жасайды. Аэроқайықты қолдана отырып жүргізілетін патрульдеу өңірдегі су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін, соның ішінде қысқы кезеңде де, айтарлықтай арттырады.

  Қысқы кезеңде ТЖД құтқарушылары су айдындарында 40-қа жуық рейдтік іс-шара өткізді. 21 мыңнан астам облыс тұрғынымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады және жыл мезгіліне қарамастан су айдындарының маңында мұқият болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1198916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version