27.03.2026 жылы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен азамат С. пен азамат Т. – ға қатысты (олар бұрында ақталған) ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1) 2) 3) – тармақтары бойынша айыптау үкімі шықты.
Сотпен анықталғаны, азамат С. және азамат Т. психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдаумен айналысқан.
Алқабилердің үкімімен азамат С. және азамат Т. орташа қауіпсіздік мекемелерінде әр қайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл қылмыстық іс бойынша заңсыз айналымнан 20 килограмнан астам психотроптық заттар, «хлорметкатинон» тәркіленді.
Бұған дейін, 2025 жылғы 15 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат С. және азамат Т. үкімімен ақталған болатын.
Бұл сот үкімі прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жойылып, қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілген.
Үкім заңды күшіне еңген жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1199004?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау