«Таза Қазақстан»: Астанада Sensata Group сенбілікке белсенді қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің ірі құрылыс компаниялары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап, қаланың тазалығын сақтауға бағытталған «Таза қала» бастамасына белсенді түрде қосылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Sensata Group құрылыс компаниясы да аталған акция аясында елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шараға компанияның 1249 қызметкері мен 39 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Акция барысында аумақтарды тазалау, абаттандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмысы жүргізілді.

Бұл бастама компанияның экологиялық жобаларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып саналады. Осылайша Sensata Group қалалық ортаның жайлылығын арттыруға өз үлесін қосуды жалғастырып келеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1199003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version