Облыс әкімі жалпы өңірлік сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы жалғасуда.

Өткен аптада Семей қаласында өткен сенбілікке 40 мыңға жуық тұрғын қатысып, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге үлес қосты. Бүгін де облыс орталығында тазалық шаралары жалғасын табуда.

Жалпыөңірлік сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, кәсіпкерлік нысандарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер, сондай-ақ, өңір тұрғындары белсенді қатысуда.

Семей қаласында өткен кезекті тазалық шарасына облыс әкімі Берік Уәли әкімдік қызметкерлерімен, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, республикалық партия филиалдары өкілдерімен бірге қатысып, Бейбітшілік аралындағы «Өлімнен де күшті» монументі маңын тазалау жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік барысында аймақ басшысы «Өлімнен де күшті» монументіне, тарихи маңызы зор нысанның айналасына назар аударып, Семей қаласының әкіміне аумақты абаттандыру, ретке келтіру жұмыстарын бастауды тапсырды.

«Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толады. Бұл – өңіріміз үшін ғана емес, еліміз үшін тарихи маңызы зор дата. Осыған орай «Өлімнен де күшті» монументі маңын толық абаттандырып, ретке келтіру керек. Тас төсеуіштерді, орындықтарды жаңалап, баспалдақтарды қалыпқа келтіріп, тұрғындардың серуендеуіне қолайлы жағдай жасауымыз қажет», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, 3 сәуірде облыс әкімі өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1199002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version