Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі И.Б. Киселевамен, адвокаттармен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп адам құқықтары, зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке қарсы күрес мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара “ТМД-дағы адам денсаулығы және құқықтары апталығы” мемлекетаралық акциясы аясында өтті және халықтың құқықтық хабардарлығын арттыруға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін түсіндіруге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар өзекті құқықтық, әлеуметтік және өзге де мәселелер бойынша жеке консультациялар алды, сондай-ақ білікті мамандардан түсініктемелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1199019?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау