Президент атынан журналист Самал Ибраеваға мемлекеттік награда табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ulysmedia.kz ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы Самал Ибраеваға мемлекеттік награда табыстады.

Самал Ибраева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық диалогты қалыптастырудағы, ашықтық қағидаттарын нығайтудағы және демократиялық институттарды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Ерен еңбегі үшін» медалі қызметтің түрлі салаларындағы, соның ішінде мәдениет, ақпарат және қоғамдық өмір бағытындағы елеулі еңбегі мен жетістігі үшін табысталады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1199023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version