“Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Семей қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Семей қаласының білім бөлімінің қызметкерлері, мектептер мен балабақшалардың ұстаздары мен тәрбиешілері бір кісідей атсалысып, сенбіліктің өтуіне өз үлестерін қосты. Бүгінгі игі шара барысында қатысушылар білім беру ұйымдарының аула аумақтарын, саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазартты. Мұндай бастамалар жас ұрпаққа экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыруда ерекше маңызға ие.

“Таза Қазақстан” акциясы – бұл тек тазалық жұмысы ғана емес, ол – қоғамның бірлігін, ортақ іске деген жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Семейлік ұстаздар қауымы осы арқылы оқушыларға үлгі көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың міндеті екенін тағы бір дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1199022?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version