«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қамысқала ауылдық округінде көктемгі санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
2026 жылғы 11 сәуір күні округте сенбілік ұйымдастырылып, оған округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер қатысты. Жалпы 82 адам қамтылды.
Сенбілік барысында 3 көше мен 66 тұрғын үй ауласы тазартылып, 2 тонна тұрмыстық қалдық арнайы техникамен шығарылды. Сонымен қатар ауылды көгалдандыру мақсатында 107 түп көшет отырғызылды.
Абаттандыру жұмыстары кезінде көшелер мен қоғамдық орындардың аумағы ретке келтіріліп, тұрғындар арасында қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1198922?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау