15 сәуірде Өскеменде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін талқылау мақсатында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен «Altay Business» форумы ұйымдастырылады.
Форум бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен кәсіпкерлер өз жұмысында бірден қолдана алатын практикалық құралдарды талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табысты кейстерді таныстыру, заманауи бизнес жүргізу құралдарына қолжетімділікті арттыру, кәсіпкерлік қауымдастықты дамыту және технологияларды енгізу арқылы өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту.
Форум аясында өңірдегі компаниялардың жобалары мен таныстырылымдарының көрмесі өтеді.
Өтетін орны мен уақыты: Протозанов көшесі, 43, Шығым Қазақстан облыстық филармониясы, сағат 9:00-де.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1199057?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау