Ақтау қаласында 15-шағын ауданды кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған жоба аясында 45, 46, 47 және 55 тұрғын үйлердің аумағы жаңарып, қос қабатты асфальт жабындысы төселді.
Жалпы жоспар бойынша шағын ауданға 82 мың шаршы метр асфальт төселуі тиіс. Бүгінгі таңда соның 31 мың шаршы метрі толықтай аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
– Сонымен қатар, жоба аясында қарастырылған 296 жарық бағанасының 190-ы орнатылып, аумақтың түнгі көркі мен қауіпсіздігі арта түсті. Бұдан бөлек, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының құрылысы да жүйелі түрде жүргізілуде, – деді мердігер мекеме өкілі Абай Жоланбаев.
Асфальт төселген аумақтарға жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, тұрғындарға жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1199993?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау