«Таза Қазақстан» экологиялық акция шеңберінде өткен шара барысында Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен учаскелік полиция қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық нысан үшін жеке қоқыс контейнерін орнату қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, аялдама маңындағы аумақтың тазалығын сақтау және жолаушыларға арналған күту орындарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Мониторинг нәтижесінде аялдама аумағына құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстарды тастаған кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) ескерту түрінде әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Алдағы уақытта Ақтау қаласы әкімдігі тарапынан аялдамалардың тазалығы мен санитарлық жағдайына бақылау тұрақты негізде жалғасын табатын болады.
Айта кету қажет, қала аумағында 170-тен астам әлеуметтік және 80 коммерциялық нысаны бар аялдама орналасқан. Әлеуметтік аялдамаларды күтіп-ұстау жұмыстарын «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жүзеге асырады. Ал коммерциялық нысандары бар аялдамалардың тазалығы үшін тиісті кәсіпкерлер жауапты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1199994?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау