Арал ауданында облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Арал қаласында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Мәжіліске облыстық және аудандық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиынды комиссия төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов жиындағы кіріспе сөзде өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарының даму барысына тоқталды.

Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы С. Сахиев облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы

Б. Жұмағұлов өңірдегі еңбек қатынастарының жалпы жағдайы мен еңбек тәуекелдері картасы аясындағы жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Г. Денеева әлеуметтік аударымдар мен төлемдер бойынша қалыптасқан жағдайды баяндап, бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

Ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы  Ғ. Салықов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу барысы туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында кәсіпорындардағы еңбек дауларының алдын алу, жалақы берешегіне жол бермеу, әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге еңбек тәуекелдері картасына енген кәсіпорындармен нақты жұмыстар жүргізу, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысында әлеуметтік әріптестікті нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын жетілдіру жолындағы маңызды алаң екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1200033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version