Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен кезекті апталық аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібі аясында педагогтердің кәсіби қызметінің маңызды негізі болып табылатын педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар 2025 жыл қорытындысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер қызметіне кешенді мониторинг нәтижелері шығарылды.
Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және педагогтердің жоғары кәсіби әдеп стандарттарын сақтау мәселелерін қарайтын маңызды алқалы орган болып табылатынын атап өтті. Аталған кеңестер әдеп нормаларының бұзылу фактілерінің алдын алу және оларды қарауда, сондай-ақ педагогикалық қауымдастықта адал, жауапты және жоғары адамгершілік мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Кеңес барысында білім беру ұйымдары қызметін лицензиялау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Бұл бағыт білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі ретінде айқындалды. Осыған байланысты аумақтық департаменттерге жергілікті атқарушы органдармен жүйелі өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ осы бағыттағы бақылауды күшейту және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Серік Әшіров өңірлердегі проблемалық мәселелерді шешу үшін уақтылы әрі жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Аумақтық департаменттерге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын ескере отырып, оларды шешуге кешенді тәсілді қамтамасыз ету тапсырылды.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби жауапкершілігін күшейту және Қазақстан Республикасында білім беру ортасын жақсарту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1200034?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау