Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін аудан әкімі Алмас Абдинов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында 13 азаматтың өтініші тыңдалды, оның ішінде 1 азамат онлайн форматта қатысты.
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, бірқатар мәселелер сол жерде оң шешімін тапты.
Көтерілген барлық мәселелер аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1199962?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау