Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда жиі кездеседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы ересектердің қарауынсыз қалған сәтте немесе ата-аналардың назарынан тыс қалған уақытта болады.
Балалардың жарақаттануын төмендету мақсатында Астана қаласы ТЖ департаменті келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құлау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады;
– жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады;
– москит торларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйенуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды;
– егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режимін қолданыңыз;
– терезелерге мүмкіндік бермейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді;
– терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз;
– егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз;
– егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз;
– балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз, үлкендердің кішіге бас-көз болуын үйретіңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1199116?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау