2026 жылы Сарыарқа ауданы аумағында 2 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ағаш отырғызуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, шұңқырлар қазылып, топырақтың сапасы жақсартылуда. Топырақты арамшөптерден тазарту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізу бойынша кешенді шаралар қолға алынған.
Сондай-ақ отырғызу үшін диаметрі 60–80 см, тереңдігі 1 метр болатын арнайы шұңқырлар дайындалуда. Бұл жұмыстар жасыл желектердің жақсы жерсініп, өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1199117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау