Халықаралық ақпараттық-талдамалық Asia Law Portal порталында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Engineering Judicial Independence in Kazakhstan» («Қазақстандағы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту») атты мақаласы жарияланды.
Мақалада Қазақстанда сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі көзқарас ұсынылған.
Негізгі екпін институционалдық инженерияға көшуге берілген. Бұл тәсіл сот тәуелсіздігін тек заңнамалық деңгейде бекітумен шектемей, оны тиімді кадрлық саясат, ашық рәсімдер және нақты өлшенетін нәтижелер арқылы қамтамасыз етуді көздейді.
Жоғары Сот Кеңесі судьялар корпусын қалыптастырудың үздіксіз моделін енгізді. Аталған модель кәсіби циклдің барлық кезеңдерін қамтиды — кандидаттарды даярлаудан бастап, тағайындау, мансаптық даму және тәртіптік жауапкершілікке дейін.
Судьяларды іріктеу рәсімдерінің жеделдігі мен ашықтығын арттыруға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ кандидаттарды бағалаудың заманауи әдістерін енгізуге ерекше назар аударылған.
Жалпы алғанда, ұсынылған тәсілдер сот жүйесін дамытудың орнықты моделіне көшуді білдіреді. Бұл модельде сот тәуелсіздігі жүйелі шешімдер, рәсімдердің ашықтығы және кадрлық іріктеу сапасы арқылы қамтамасыз етіледі.
Asia Law Portal – Азия елдеріндегі құқықтық нарықтың дамуын, құқықтық реформалар мен сот практикасын қамтитын тәуелсіз ақпараттық-талдамалық портал.
Дереккөз: Asia Law Portal
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1199191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау