Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Абай облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 6-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен Абай облысына іс сапарымен дін саласындағы Республикалық ақпараттық- түсіндіру тобының мүшелері Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры, дінтанушы Халықов Медет Мұзапбарұлы, «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының теологы Сақан Дастан Дарханұлы, ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Канапиянов Ернур Болатбекович және Абай облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы нысаналы топтар арасында кездесулер өткізді. Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда түсіндіру жұмысын жүргізу және деструктивті діни идеялардың таралуын алдын алу.
Түсіндіру тобының мүшелері Абай облысы аумағында әскери мекемелер, орта және спорт мектептері, ЖОО мен колледждер, аудандық әкімдіктер мен мәдениет үйлерінің базасында болды. Олар халық арасында «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік» және т. б. тақырыптарда семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды, оның ішінде ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар мен әскери жұмысшылар, жұмыссыздар және т.б. топтарға кездесілер өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1199190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version