Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуеті «Saudi Agricultural and Livestock Investment Company» компаниясына ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 12 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Saudi Agricultural and Livestock Investment Company» (SALIC) тобының Бас атқарушы директоры Сүлейман Әл-Румайхпен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда, «SALIC» компаниясының басшылығы Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.

«SALIC» 2009 жылдың сәуір айында құрылды және Сауд Арабиясындағы ең ірі ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы компанияларының бірі болып табылады. Компания стратегиялық инвестициялар арқылы азық-түлік және ауыл шаруашылығы секторларын трансформациялауда, жеткізу көздерін әртараптандыруда және Корольдіктің жаһандық нарықтарға интеграциясын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1199087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version