ШҚО және Ұлытау облысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының 21 адамнан құралған делегациясы Ұлытау облысына барып қайтты. АӨК, экономика, өнеркәсіп, туризм салаларының мамандары мен ШҚО мемлекеттік органдарының өкілдері Ұлытау облысындағы әріптестердің ауыл шаруашылығындағы тәжірибесі мен табысты агрожобаларымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысында Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жұмыс сапарының бағдарламасы мәдени алмасу, жергілікті фермерлермен және өндірістік циклмен танысуды қамтыды. ШҚО делегациясы Ұлытау облысындағы ӘКК мен ауыл шаруашылығы басқармасының бірыңғай жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін атап өтті. Бұл ортақ мәселелерді шешу мен аграрлық саладағы жобаларды іске асыру уақытын едәуір қысқартады.

«Қол қойылған меморандум өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында бірлескен дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда.

Шығысқазақстандықтар елдің басқа өңірлерімен де АӨК саласы бойынша тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1199086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version