ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ГИГИЕНА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сарысу орта мектебінде психолог маман Ниязова Жансая мен мектеп медбикесі Тоғызақбаева Злиха қыз балаларға арналған жеке бас гигиенасы тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың денсаулығын сақтау, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістерге дұрыс көзқарас қалыптастыру және жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында жеке тазалық ережелері, күнделікті гигиеналық күтім, денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың алдын алу, психологиялық қолдау мен өз-өзіне сенімділікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар қыз балалардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Іс-шара тәрбиелік және танымдық бағытта жоғары деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1199872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version