9 сәуір күні Шөптікөл ауылының орта мектебінің акт залында ауыл тұрғындарының жиыны өтті.
Жиында маңызды мәселелер талқыланды: ауылды сумен қамтамасыз ету, абаттандыру және басқа да өзекті мәселелер. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Көтерілген барлық мәселелер ауыл әкімдігі тарапынан назарға алынды. Жиын қорытындысы бойынша айтылған мәселелерді шешу жолдары қарастырылатын болады.
Жиынға қатысып, белсенділік танытқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol/press/news/details/1199636?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау