Жасыл сутек – болашақ кепілі: халықаралық хакатон Yessenov University-де жас ғалымдарды біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жасыл сутек – болашақ кепілі: халықаралық хакатон Yessenov University-де жас ғалымдарды біріктірді

Ақтауда Yessenov University базасында екі күндік Green Hydrogen Hackathon Central Asia халықаралық хакатоны өтті. Іс-шара төмен көміртекті энергетика саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға және жас ғалымдардың әлеуетін қолдауға бағытталды.

Хакатонға Қазақстаннан, сондай-ақ Орталық Азия мен Каспий маңы елдерінен келген студенттер, магистранттар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жасыл сутек технологияларына қызығушылықты арттыру, инженерлік және ғылыми ойлауды дамыту, тұрақты энергетика саласында практикалық шешімдер ұсыну болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар сутекті өндіру, сақтау, тасымалдау және оны энергетикалық жүйелерге енгізу бағыттарындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобалармен жұмыс істеді. Сонымен қатар экономиканы декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Хакатон Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамының (GIZ) қолдауымен H2-diplo – Decarbonization Diplomacy жобасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушыларға Берлин техникалық университетінің сарапшылары менторлық қолдау көрсетіп, тәжірибеге бағытталған кейстер мен кәсіби кеңестер ұсынды.

Хакатонға Әзербайжаннан 3 команда, Өзбекстаннан 1 команда, Астана және Атырау қалаларынан командалар қатысты. Бағдарлама аясында алғашқы күні шетелдік ғалымдар дәріс оқып, күннің екінші жартысында хакатон тапсырмалары берілді. Қатысушылар кешке дейін жобалармен жұмыс істеді. Екінші күні командалар өз жұмыстарын қорғап, нәтижесінде жеңімпаз анықталды.

Үздік команда болып Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің Nycaengineers командасы танылды. Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаз команда «Жасыл сутек» бағыты бойынша Германияның жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында бес күндік тағылымдамадан ұйымдастырушылардың толық қаржыландыруымен өту мүмкіндігіне ие болды.

Аталған хакатон халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, өңірде жасыл энергетиканы дамытуға және болашақ инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыруға маңызды серпін берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1199635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version