Тарифтер қоғам бақылауында: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жария тыңдаулар басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғи монополия субъектілері жыл сайын тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есепті жыл қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп береді.

Есептер жария тыңдаулар форматында өткізіледі, бұл субъектілер қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етіп, халықпен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері 2025 жылдың қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің жария есептерін өткізу басталғаны туралы хабарлайды.

Есептердің өткізілу кестелері Комитеттің ресми интернет-ресурсындағы «Өңір жаңалықтары» бөлімінде жарияланған, сондай-ақ аумақтық тиесілігіне қарай департаменттердің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында орналастырылған.

Жария тыңдаулар қоғамдық бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Оның аясында тұтынушылар тарифтік қаражаттың нақты пайдаланылуы туралы ақпарат алып, инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қажетті түсіндірмелер ала алады.

Ашықтық пен есептілік — табиғи монополиялар саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары. Азаматтардың белсенді қатысуы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және субъектілер жұмысының тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Осыған байланысты Комитет тұтынушыларды және барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылдың қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің жария есептеріне белсенді қатысуға шақырады.

Сіздің қатысуыңыз — тариф саясатының ашықтығы мен әділдігіне және коммуналдық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесіңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1199393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version