Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылында қоршаған ортаны қорғау және елді мекенді көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен ұйымдастырылып, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ағаш отырғызу акциясына ауыл жастары, мектеп оқушылары және түрлі мекеме қызметкерлері атсалысып, ауыл аумағына әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Атап айтқанда, жеміс ағаштары мен көлеңке беретін талдар егілді. Мұндай игі істер ауылдың көркін арттырып қана қоймай, ауаның тазалығын сақтауға да өз үлесін қосады.
Сонымен қатар, бұл шара өскелең ұрпақты табиғатты сүюге, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Ағаш отырғызу дәстүрі алдағы уақытта да жалғасын тауып, Ақжар ауылының жасыл аймаққа айналуына септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/1199303?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау