Фитосанитарлық инспекторлар 2025 жылы өсімдіктер карантині саласында 3,6 мың бұзушылықты анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің аумағында өсімдіктер карантині нысандарын анықтау бойынша жұмыс ұлттық заңнамаға және Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізілуде. Қолданыстағы фитосанитарлық бақылау жүйесі көп деңгейлі қағидат бойынша құрылған. Бастапқы тексеруді шекарада мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады, ал қайталама тексеру тауардың жеткізілу орны бойынша жүргізіледі. Мұндай тәсіл тәуекелдерді барынша азайтуға және қауіпті карантиндік организмдердің әкелінуіне байланысты ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Былтыр ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциялары тарапынан бақылау-қадағалау қызметтерін орындау барысында өсімдіктер карантині саласында 3,6 мың бұзушылық анықталды, оның ішінде 2,6 мыңы басқа мемлекеттерден әкелінетін карантиндік өнімдерге қатысты.

Карантиндік объектілерді анықтау көрсеткіштерінің өсуі, соның ішінде импорттық өнімдерде, фитосанитарлық бақылау тиімділігінің артқандығының және қадағалау шараларының күшейтілгендігінің көрсеткіші.

Бақылау жүйесін жаңғырту аясында уәкілетті орган цифрлық трансформацияны қарқынды қолға алуда. Өнім айналымының барлық кезеңдерінде қадағалауды қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық жүйелер енгізілуде.

Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы шекарасындағы барлық 32 бақылау бекеті тұрақты интернетке қосылған, бұл деректермен жедел алмасуға мүмкіндік беріп, рәсімдердің ашықтығын арттырады.

Сонымен қатар зертханалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Филиалдар ПТР-жүйелерін қоса алғанда заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтылуда, бұл сараптамалардың дәлдігі мен жылдамдығын айтарлықтай ұлғайтады.

Осылайша, қазіргі көрсеткіштер Қазақстандағы өсімдіктер карантині жүйесінің тиімді жұмыс істейтінін, ел аумағын фитосанитарлық қауіптерден сенімді қорғауды қамтамасыз етіп, аграрлық сектордың тұрақты дамуына жағдай жасалып отырғанын айғақтайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1200246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version