КЕЛЕСТЕ МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы кешенді жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев атқарылып жатқан шаралардың барысын тікелей бақылауға алып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда өңдеу жұмыстарына барлығы 85 техника жұмылдырылған. Оның ішінде мердігер тарапынан 49 техника, «Ветериналық қызмет» МКК-дан 28 техника және облыстық табиғи ресурстар басқармасынан 8 техника қатысуда. Сонымен қатар 64 ранц аппараты және мердігер есебінен 19 су таситын көлік жұмыс істеуде.
Зиянкестерді дер кезінде анықтау және бақылау мақсатында аудан бойынша 186 адам тартылған. Атап айтқанда, болжам қызметінен – 19, инспекциядан – 19, әкімдік тарапынан – 42 және ветеринария саласынан 38 маман жұмыс жүргізуде.
Жалпы өңделетін аумақ 143 350 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге дейін 4992 гектар жер зерттеліп, оның 3073 гектары өңделді. Атап айтқанда, Бірлік ауылдық округінде 1253 гектар, Қошқаратада 60 гектар, Жүзімдікте 40 гектар, Ошақтыда 30 гектар, Жамбыл ауылдық округінде 812 гектар және Бозай ауылдық округінде 878 гектар жер өңделді.
Өңдеу жұмыстары тиімді жүргізілуі үшін аумақ 19 секторға бөлініп, әр секторға жауапты мамандар бекітілген. Жалпы 175 адам жұмылдыру жоспарланған. Олардың қатарында Келес аудандық спорт клубының 30 қызметкері, сондай-ақ Абай, Қошқарата, Біртілек, Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтері әкімдіктерінің мамандары бар.
Аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев барлық жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етіп, далалық іс-шаралардың жүйелі әрі сапалы орындалуын қадағалауда. Жалпы, Келес ауданында марокко шегірткесіне қарсы күрес кешенді түрде ұйымдастырылып, жағдай толық бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1200585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version