Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.
Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы Е.Тұрсынғалиев 2026 жылдың 1 тоқсанында облыс бюджетінің орындалуы туралы баяндама жасады.
2026 жылға облыс бюджетінің жеке кірістері 377,9 млрд теңгеге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жеке кірістер 71,3 млрд теңгеге жоспарланып, нақты 82,3 млрд теңге түсті немесе 115,5 %-ға (жылдық жоспардың 21,8 %) орындалды.
2026 жылға облыс бюджетінің шығыстары 618,2 млрд теңгеге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне шығыстар 132,5 млрд теңгеге жоспарланып, 128,7 млрд теңгеге немесе 97,2 %-ға игерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/1200586?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау