Қызылорда қаласында полиция қызметкері өрт кезінде батылдық танытып, екі жасөспірімді аман алып қалды.
Оқиға шамамен сағат 10:30-да болған. Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының взвод командирінің көмекшісі, бөлімше командирі Нұржан Нағашыбай батальон командирімен бірге қызметтік автокөлікпен Қазыбек би көшесі бойымен облыстық прокуратураға қарай бағыт алған сәтте көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконынан шыққан өртті байқаған.
Жағдайдың қауіпті екенін бірден түсінген полиция қызметкері уақыт жоғалтпай оқиға орнына барған.
Нұржан Нағашыбай пәтерге кіріп, өртті өз күшімен сөндіруге кірісті. Тексеру барысында үй ішінде екі баланың ұйықтап жатқанын анықтап, оларды дереу оятып, қауіпсіз жерге алып шыққан.
Полиция қызметкерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1200392?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау