“Қазгидромет” ШҚ филиалының деректері бойынша облыс аумағындағы қар жамылғысы 32% – ға дейін қысқарды. Глубокое ауданында, сондай-ақ Марқакөл және Алтай аудандарында қардың биіктігі 20-дан 43 см-ге дейін төмендегені тіркелді.
Ірі өзендердің арналары мұз құрсауынан ашылды. Жағалауларда мұз үйінділері мен қалдық жағалаулар байқалады. Су деңгейі қауіпті межеден төмен.
Гидротехникалық құрылыстар тұрақты бақылау режиміне ауыстырылды. Бұқтырма су қоймасында мұз қабатының әлсіреуі байқалады: жаға жиегінде ашық су, мұздың қараюы және жарықтардың пайда болуы тіркеледі.
Қазіргі уақытта өзендердің арнасынан асуы, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтардың су басуы тіркелген жоқ.
Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жалғасуда. Су деңгейлерін бақылау гидропосттар желісі арқылы жүзеге асырылады, су тасқыны қауіпті учаскелерге әуеден мониторинг жүргізіледі. Қазірдің өзінде 7 аэровизуалды ұшу жүргізілді.
Халықпен алдын алу жұмысы жандандырылды: тұрғын үй секторы бойынша 675 рейд ұйымдастырылды. Тұрғындарға үйлердің жанындағы арықтар мен өзен арналарын уақтылы тазалау ұсынылды.
Жағдай күрделенген кезде жергілікті атқарушы органдардың резервінде: 82,2 мың қап, 10,278 тонна инертті материалдар, 393,65 тонна ЖЖМ бар.
3677 адамнан тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды, 556 бірлік техника, 75 жүзу құралдары және 234 мотопомпалар жұмылдырылды. Жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1200390?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау