ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Жанерке Алмасқызы «Қоғам ТВ» арнасының «Көзбе көз, сөзбе сөз» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында облыс аумағындағы дәріханалардың саны мен олардың халыққа қолжетімділік деңгейі талқыланды. Сонымен қатар соңғы уақытта жиі көтеріліп жүрген дәрі-дәрмек бағасы мәселесіне де тоқталды.
Бағдарламада дәрі бағасының қалай реттелетіні, облыстағы дәріханалардағы бағалардың қолжетімділігі және халыққа ұсынылатын жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұдан бөлек, жалған дәрілерден сақтану жолдары түсіндіріліп, қарапайым тұтынушы нені тексеруі қажет екені айтылды.
Сондай-ақ, медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емханалар мен ауруханалардың жұмысы, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сияқты өзге де маңызды мәселелер көтеріліп, жан-жақты талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1201161?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау