ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН
ШҚО-да дүкеннің заңсыз ашылуын ұйымдастырған азамат қамауға алынды
2026 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген және қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған. Шара барысында тегін тамақ тарату акциясы өткізіліп, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған.
Ұйымдастырушының бұл әрекеті адамдардың бақылаусыз және бейберекет шоғырлануына әкеп соқтырды, бұл қоғамдық тәртіптің бұзылуына және азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндірді.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары дереу тексеру жүргізді.
Жиналған материалдарды қарау қорытындысы негізінде ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабымен «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу»бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері аталған азаматты ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартты. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жаппай іс-шараларды ұйымдастыру кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1201160?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау