Талдықорғанда «Айбын» әскери-патриоттық жарысының қалалық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін №12 орта мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай қалалық «Айбын» әскери-патриоттық жарысы ұйымдастырылды. Қалалық жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Әкім өз сөзінде келешек жас ұрпақтың өз Отанын шын сүюі керектігін және еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екенін атап өтті.

«Отанды сүю әр азаматтың қасиетті борышы. Елін қорғау, жерін құрметтеу сіздердің қолдарыңызда. Бүгін сіздер сол жолға сенімді қадам жасап отырсыздар», – деді қала әкімі.

Бүгінгі жарысқа қаламыздың 27 мектебінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Олар облыстық кезеңге өту үшін өзара 6 кезең бойынша бақ сынасты.

Сондай-ақ халықаралық әскери жарыста автоматты жоғары жылдамдықпен шашып-жинауда топ жарған Ақерке Қасым, Алина Абылайхан және Жантөре Медет жиналған оқушыларға өз шеберліктерін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

Еске салсақ, еліміздің намысын қорғаған оқушыларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткен жетістіктерімен құттықтап, арнайы қабылдаған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1201503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version