«Таза жағалау» экологиялық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қамысқала ауылдық округінде “Алакөл орта мектебі”  оқушыларының қатысуымен «Таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: Қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Акцияға қатысушылар пластик пен шыны қалдықтарын, бұтақтарды және тұрмыстық қоқыстарды жинап, арнайы қоқыс төгетін жерге апарып төкті. Әрбір ауыл жастары көшелер мен аулаларды көркейтуге атсалысып, ауылымызды таза, жайлы әрі экологиялық жерге айналдыруға үлес қоса алды. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1201651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version