Түркістан облысы Полиция департаментінің мамандары Созақ полициясының жеке құрамымен мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлердің моральдық-психологиялық ахуалы жан-жақты талқыланып, ұжымдағы өзара түсіністік, қызметтік тәртіп пен кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелері көтерілді.
Психолог маман тарапынан қызмет барысында туындайтын күйзелістердің алдын алу, ішкі тұрақтылықты сақтау және тиімді жұмыс жүргізу бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар жиын аясында «Үлгілі полиция» стандарты түсіндіріліп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптар, қызметтік әдеп пен халықпен тиімді қарым-қатынастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Одан бөлек ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы түсіндіріліп, қызметтік өкілеттіктерді заң аясында пайдалану, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Мұндай кездесулер жеке құрамның кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың рухани тұрақтылығын нығайтып, қызметке деген жауапкершілігін күшейтуге оң әсер етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1201686?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау